Қазақстан шекарашылары ірі көлемде шикі апиын жасырылған жерді анықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан шекарашылары ірі көлемде шикі апиын жасырылған жерді анықтады

Қазақстан шекарашылары ірі көлемде шикі апиын жасырылған жерді анықтады

Астана. 5 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан шекарашылары ірі көлемде шикі апиын жасырылған жерді анықтады, деп хабарлайды агенттік ҚР ҰҚК департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 5 Мамыр 2008
  • 329
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, «Ауыл темір жол» шекаралық бақылау бөлімінің шекарашылар жасағы 4 мамырда «Бішкек — Новосибирск» поезының жүк вагонында жасырылған 58 шикі апиын орамын тауып алды.

«Вагонды тексеру кезінде арнайы үйретілген ит жасырылған есірткіені тауып алды. Шекарашылар ол жерден 58 шикі апиын орамын тәркіледі. Есірткі затының жалпы салмағы 58 келіні құрады», — деп жазылған баспасөз хатында.

Бұл іске қатысты вагонның жол серіктері болған Қырғызстанның екі азаматы қолға түсіріліп, олар Семей қаласының ҰҚКД қызметкерлеріне тапсырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті