Ағымдағы жылдың екінші жартысында Румыния үкімет басшысы Қазақстанға келеді - Румыния елшісі - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ағымдағы жылдың екінші жартысында Румыния үкімет басшысы Қазақстанға келеді - Румыния елшісі

Ағымдағы жылдың екінші жартысында Румыния үкімет басшысы Қазақстанға келеді - Румыния елшісі

Астана. 5 мамыр. "Қазақстан Бүгін - Ағымдағы жылдың екінші жартысында Румыния үкімет басшысы Кэлин Попеску-Тэричану Қазақстанға келеді. Бұл туралы бүгін Қазақстан президентіне сенім грамотасын тапсыру рәсімінен кейін өткен брифингте Румынияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Эмил Рапча мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 5 Мамыр 2008
  • 461
Фото - Caravan.kz

«Ағымдағы жылдың екінші жартысында Румыния үкімет басшысы Қазақстанға келеді . Оған Қазақстан президентінің былтырғы қараша айында Бухарестке жасаған сапары кезінде шақыру берілді», — деді Э.Рапча.

Оның хабарлауынша, сондай-ақ, «маусымның аяғында Бухарест қаласында сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан -Румыния үкіметаралық комиссиясының жетінші отырысы өтеді». Елшінің айтуынша, «Румыния Қазақстанды тек Орталық Азиядағы ғана емес, сонымен бірге, дүниежүзіндегі аса маңызды әріптесі деп санайды».

Өз кезегінде мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан «Румынияның транзит, қуат көздерін өңдеу, Орталық Азияны Еуропамен жалғастыратын көлік дәліздерін құру саласындағы мүмкіндіктерін пайдаланудан мүдделі екенін» атап көрсетті. Екі жақты әріптестікті кеңейту мен тереңдетуде мемлекеттердің әлеуеті зор, деді Қазақстан президенті.

ҚР статистика жөніндегі агенттігінің мәліметінше, екі ел арасындағы тауар айналымы өткен жылы 757,3 млн. долларға жетті. Қазақстанда негізінен мұнайгаз саласында жұмыс істейтін 14 бірлескен кәсіпорын бар. Румынияда жиһаз, киім, аяқ киім және дәрі-дәрмек саудасы саласында жұмыс істейтін 5 бірлескен кәсіпорын құрылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті