Қазақстан Түрікменстанмен энергетикалық ынтымақтастықты тереңдетуді көздейді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Түрікменстанмен энергетикалық ынтымақтастықты тереңдетуді көздейді

Қазақстан Түрікменстанмен энергетикалық ынтымақтастықты тереңдетуді көздейді

Астана. 5 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Түрікменстанмен энергетикалық ынтымақтастықты тереңдетуді көздейді. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстанның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Құрбанмұхамед Қасымовтан сенім грамотасын қабылдау рәсімінде мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 5 Мамыр 2008
  • 443
Фото - Caravan.kz

«Екіжақты ынтымақтастықтың күн тәртібінде энергетикалық серіктестікті дамыту, көліктік-транзиттік әлеуетті пайдалану, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері тұр», — деп атап көрсетті Н. Назарбаев.

Атап айтқанда, ол кездесу барысында Орта Азия — Орталық газ құбырын жөндеу, Каспий маңы газ құбыры мен Қазақстаннан Түрікменстанға, одан әрі қарай Иранға теміржол салу жөніндегі келісімдерге қол жеткізілгенін еске салды.

Өз кезегінде Түрікменстан дипломаты да екіжақты, оның ішіндегі энергетика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық танытты. «Қазақстанмен энергетика, мұнай және газ салаларындағы екіжақты қатынастардың дамуына Түрікменстан айрықша мән береді», — деп атап көрсетті Қ. Қасымов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті