Қырғызстанда су қоймалары туралы заң жобасы жасалмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда су қоймалары туралы заң жобасы жасалмақ

Қырғызстанда су қоймалары туралы заң жобасы жасалмақ

Бішкек. 5 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда су қоймалары туралы заң жобасы жасалады. Бұл туралы 3 мамыр күні өткен баспасөз мәслихатында Қырғызстан Республикасы парламентінің спикері Адахан Мадумаров мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 5 Мамыр 2008
  • 634
Фото - Caravan.kz

«Тоқтағұл су қоймасына орасан көп мөлшердегі су жетпей тұр. Және біз осыған қатысты шұғыл шаралар қабылдауымыз қажет. Сондай-ақ, қалыптасқан жағдайға көршілеріміз түсіністікпен қарайды деп үміттенеміз. Жақында Қырғызстанның су қоймалары жайлы заң жобасы жасалатын болады. Ол бірінші кезекте еліміз бен энергетика саласында халқымыздың мүддесін қорғауға жәрдемдеседі», — деді А. Мадумаров.

Парламенттің соңғы шешіміне түсініктеме бере тұрып, А. Мадумаров электр таратушы компаниялардың жекешелендірілуі Қырғызстанға энергетика саласындағы дағдарысты жеңуге көмектеседі деп мәлімдеді.

«Оларды сатып алам деушілердің аз екендігіне қарамастан, егер де осы шаруашылық жүргізуші нысандар жақсы қолдарға түсер болса, оларға деген көзқарас та мүлдем басқаша болады. Біз қабылдап жатқан Қырғызстанның энергетикалық секторын реформалау бағдарламасы қазіргі таңда қажетті әрі аса маңызды тапсырма болып отыр. Егер мұны кім де кім қазір түсіне алмаса, екі жылдан кейін бәрібір түсінеді, сосын бізге рахмет айтатын болады», — деп атап көрсетті спикер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті