Сәуірде Қазақстанның халықаралық резервтері 3,9% өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сәуірде Қазақстанның халықаралық резервтері 3,9% өсті

Сәуірде Қазақстанның халықаралық резервтері 3,9% өсті

Алматы. 5-мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Елдің халықаралық резервтері тұтастай алғанда (ағымдағы бағамен), Ұлттық қордың ақшасын (алдын ала деректер бойынша 23 300,4 млн. доллар) қоса алғанда 3,9% өсіп, 44 027,1 млн. доллар болды, деп хабарлайды агенттік Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 5 Мамыр 2008
  • 381
Фото - Caravan.kz

Ұлттық банктің таза ішкі активтерінің төмендеуі 2008 жылғы сәуірде төмендеуі ақша базасының 2,8% (немесе 44,7 млрд. теңгеге) тарылуына себепші болды.

Ағымдағы бағамен Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері 2,7% (немесе 517,7 млн. долларға ) өсті.

Ішкі валюта нарығында валюта сатып алу, Ұлттық банктегі үкіметтің шоттарына валютаның түсуі үкіметтің сыртқы борышына қызмет көрсету бойынша операциялармен, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі шетел валютасындағы корреспонденттік шоттарындағы қалдықтарының төмендеуімен бейтараптандырылды.

Нәтижесінде, таза валюта қорлары (ЕАВ) 1 609,1 млн. долларға ұлғайды, алтын түріндегі активтер оның әлемдік нарықтарда бағасының 7,4% төмендеуі нәтижесінде 150,5 млн. долларға төмендеді.

Ағымдағы бағамен Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері 7,6% (немесе $1 458,6 млн) өсті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті