ТЖМ мәліметтері бойынша Қарағанды қаласында 5 сәуірде 13.00 сағатта «Арселор Миттал Теміртау» АҚ иелігіндегі Күзембаев атындағы шахтасында желілерді құрастыру жұмыстары кезінде бір слесарь жарақаттанып ауруханаға жеткізілді.
Баспасөз қызметі хабарлағанындай, сонымен қатар Сәтпаев қаласында 5 сәуірде 12 сағат 30 минутта «Қазақмыс» корпорациясының (Шығыс Жезқазған кен орнының) № 57 шахтасында Т-16 тракторының қозғалтқышы қозғалыс кезінде кенеттен тоқтап, трактор ылдиға қарай жылжып кетті. Соның салдарынан оператор -геодезист жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті