"Эйр Астана" Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне әуе рейстеріне жеңілдік ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Эйр Астана" Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне әуе рейстеріне жеңілдік ұсынады

"Эйр Астана" Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне әуе рейстеріне жеңілдік ұсынады

Алматы. 6 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - "Эйр Астана" АҚ Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне әуе рейстеріне жеңілдік ұсынады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 6 Мамыр 2008
  • 438
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметі хабарлағандай, Қазақстан Республикасының ішкі рейстері мен Мәскеуге ұшу бойынша жеңілдіктер Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 100 пайыз, оларды ертіп жүрген жолаушыларға 50 пайыз беріледі. Бұл ретте әуежай және басқа да жолаушылар алымы қосымша толық негізде алынады.

Жеңілдік мамырдың 1 — 31 аралығында жарамды. «Көрсетілген жеңілдікпен рәсімделген әуе билеттері бойынша кері ұшу 2008 жылдың 30 маусымына дейін аяқталуы керек», — деп көрсеткен баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті