«Шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі Интернет-конференция барысында бөлшек сауда саласында азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін дәлелдеудің қиындығына қатысты көптеген сұрақтар қойылды. Кәсіпкерлер сертификаттардың өте қымбаттығын, олардың тіпті көшірмесінің түпкілікті бағасы 1000 теңгеге жететінін айтып шағымдануда. Оның үстіне олардың күшінде болу мерзімі де шектеулі, сол себепті бөлшек сауда оларды әрбір тауар түріне жеткілікті мөлшерде сатып алуға қауқарсыз», — деді В. Школьник.
«Мәлім болғанындай, көтерме саудагерлер олардың көшірмесін өз бағасынан бірнеше есе қымбатқа қайта сататын көрінеді», -деді ол.
«Сондықтан, біздің министрлік 1 мамырдан бастап аталған сертификаттарды қайта сатуға тыйым салатын бұйрық шығарып, қолданысқа енгізді, енді шағын және орта бизнес оны тауармен бірге жеткілікті мөлшерде және тегін алады», -деді ол.
«Бұйрық күшіне енді, кәсіпкерлер мұны білуге тиіс», — деді В. Школьник.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті