Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сирек металл Қарағанды- Екатеринбург бағытымен жолға шыққан «Мерседес-Бенц» автобусын тексерген кезде табылған.
«Автобус салонының артқы бөлігіне кедендік тексеру жүргізген кезде жолаушылар отыратын орындықтардың астынан, артқы дөңгелек пен еденнің арасындағы кеңістіктен кедендік бақылаудан жасырылған күміс түсті металл құймалары табылған», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Жан-жағы 11 және 26 см-лік төртбұрыш пішінді он құйма құпия қоймаға жасырылған. Олардың жалпы салмағы 122 килограмм болды.
Алдын-ала сараптама қорытындысына сәйкес, бұл құймалар висмут сирек металлы деп танылды.
Қазір тексеру жүргізілуде, бұдан кейін процессуалдық шешім қабылданады, деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті