Қазақстан мемлекет басшысы Путинге РФ президенті болған кезеңдегі етене жақын ынтымақтастығы үшін ризашылық білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мемлекет басшысы Путинге РФ президенті болған кезеңдегі етене жақын ынтымақтастығы үшін ризашылық білдірді

Қазақстан мемлекет басшысы Путинге РФ президенті болған кезеңдегі етене жақын ынтымақтастығы үшін ризашылық білдірді

Астана. 7 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сейсенбі күні болған телефон арқылы сұхбатында Владимир Путинге Ресей Федерациясының президенті болған кезеңдегі етене жақын ынтымақтастығы үшін ризашылық білдірді, деп хабарлайды агенттік РФ президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 7 Мамыр 2008
  • 321
Фото - Caravan.kz

«Н. Назарбаев В. Путинге Ресей Федерациясының президенті болған кезеңдегі көпжылдық ынтымақтастығы мен етене жақын әріптестік ықпалдастығы үшін ыстық ықыласпен ризашылық білдірді», — делінген хабарламада. Екі жақтан да көп жақты Ресей-Қазақстан қарым-қатынастарының қол жеткізілген деңгейіне жоғары баға берілді, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Әңгіме барысында президенттер екі жақты ынтымақтастықтың бірқатар өзекті тұстарын талқылады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сұхбат Қазақстан жағының бастамасымен жүргізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті