Қарағанды және Павлодар облыстарында саяжайларда өрт шығып бір адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды және Павлодар облыстарында саяжайларда өрт шығып бір адам қаза тапты

Қарағанды және Павлодар облыстарында саяжайларда өрт шығып бір адам қаза тапты

Астана. 7 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды және Павлодар облыстарында саяжайларда өршіген өрт салдарынан бір адам қаза тауып 20 саяжай үйі зақымдалды, деп хабарлайды агенттік ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігіне сілтеме жасай отырып.

  • 7 Мамыр 2008
  • 454
Фото - Caravan.kz

ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің мәліметтері бойынша, 7 мамырда 4 сағат 35 минутта Вольный ауылындағы «Здоровье» (Қарағанды облысы) бақшашылар қоғамының аумағында орналасқан саяжай үйінде өршіген өрт салдарынан бір ер адам қаза тапты. Оның кім екендігі анықталуда. Өрт көзі ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің күшімен 6 сағат 35 минутта ауыздықталды. Бұл жұмыстарға 1 арнайы техника және жеке құрамның 6 адамы жұмылдырылды.

Сонымен қатар, 6 мамырда 11 сағат 07 минутта Павлодар қаласындағы «Яблонька» бақшашылар қоғамында өрт болды. «Саяжайдағы үйлер, қамыс, қураған ағаштар өртке оранды. Өрт жалыны 19 саяжай үйін зақымдады, оның 12-сі иесіз қалдырылған жер телімдеріндегі үйлер. Зардап шеккендер мен өлім -жітім жоқ «, -деп хабарлады баспасөз қызметі.

Өрт 16 сағат 23 минутта өшірілді. Оны ауыздықтау үшін ҚР ТЖМ өртті сөндіру қызметінің 3 арнайы техникасы және жеке құрамның 16 адамы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті