ШҚО өрт сөндіру қызметкері жұмыстан тыс уақытта бір адамды құтқарды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО өрт сөндіру қызметкері жұмыстан тыс уақытта бір адамды құтқарды

ШҚО өрт сөндіру қызметкері жұмыстан тыс уақытта бір адамды құтқарды

Семей. 7 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс-Қазақстан облысында өрт сөндіру қызметкері жұмыстан тыс уақытта бір адамды құтқарды. Бұл туралы ШҚО өртке қарсы қызметі департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 7 Мамыр 2008
  • 366
Фото - Caravan.kz

Оқиға Бородулиха ауданындағы Дмитриевка ауылында болды. » Ауыл тұрғындары бірінің үйі өртке оранды. Көршілер жақын маңда тұратын бөлім командирі Николай Перевозчиковке телефон шалып, болған жағдайды айтқан. Өртке оранған үйдің сыртқы есігі ішінен тарс жабылып, терезелерден көк түтін шығып жатты. Өрт сөндіру қызметі және медициналық жәрдем қызметі келгенінше Перевозчиков терезе әйнегін шағып үйдің ішіне кірген. Сөйтіп ол ауыр жараланған үй иесін сыртқа шығарып, оған көмек көрсетті», — деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Өртке қарсы қызметі департаментінде атап өткеніндей, зардап шеккенге уақытылы көмек көрсетілгендіктен, оның өміріне қауіп жоқ. Қазір ол ауруханада жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті