Президентке Бауыржан Момышұлының 90 жылдығына арналған Ескерткіш белгісі тапсырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президентке Бауыржан Момышұлының 90 жылдығына арналған Ескерткіш белгісі тапсырылды

Президентке Бауыржан Момышұлының 90 жылдығына арналған Ескерткіш белгісі тапсырылды

Астана. 8 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ауған соғысы ардагерлері ұйымдары қауымдастығының төрағасы Бақытбек Cмағұлды қабылдады. Ол gрезидентке Бауыржан Момышұлының 90 жылдығына арналған Ескерткіш құрмет белгісін тапсырды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне мемлекет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 8 Мамыр 2008
  • 766
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, ассоциация шығарған ескерткіш белгі ел дамуына, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, Бауыржан Момышұлының мұрасын таратуға қосқан үлестері үшін танымал мемлекет және қоғам қайраткерлеріне тағайындалады.

«Мемлекет басшысының көмек күшінің арқасында Бауыржан Момышұлына Кеңес Одағының батыры атағы берілген болатын», — деді Б.Смағұл журналистерге берген брифингте.

Ол президентпен кездесу барысында сондай-ақ ардагерлер ұйымдарының жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу ісіне қатысу мәселесінің, ауған соғысы ардагерлерінің әлеуметтік қорғалуы, Ауғанстаннан кеңес әскерінің шығарылуының 20 жылдығына қатысты мәселелердің талқыланғанын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті