Қырғызстанда бидай, ұн және өсімдік майына маусымдық баж салығы енгізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда бидай, ұн және өсімдік майына маусымдық баж салығы енгізілді

Қырғызстанда бидай, ұн және өсімдік майына маусымдық баж салығы енгізілді

Бішкек. 28 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда бидай, ұн және өсімдік майына маусымдық баж салығы енгізілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі жоғарғы кеңесінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 28 Мамыр 2008
  • 801
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметі хабарлағанындай, 27 мамырда парламентте «Сыртқа шығарылатын бидай, тұқым, ұн және қара бидай, өсімдік майына, күнбағыс тұқымдарына қатысты маусымдық кедендік баж салығын бекіту жөніндегі» үкіметтің 2008 жылдың 20 мамырындағы қаулысы мақұлданды.

Баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, экспортталатын астық тұқымының бір келісіне 15 сом, қара немесе бидай ұнының бір келісіне 30 сом, күнбағыс тұқымына 20 сом (алты айға белгіленді), өсімдік майының ( күнбағыс, сафлор, мақта майының тазартылған немесе тазартылмаған түрлеріне) бір литрінен 100 сом көлемінде баж салығы алынады.

Үкіметтің бұл қаулысы мүдделі болып отырған барлық министрліктер мен ведомстволарда келісілді, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

$1 = 36,3148 сом.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті