Қазақстанның барлық өңірлерінде 2010 жылы кардиохирургиялық көмек көрсетілетін болады - Дерновой - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның барлық өңірлерінде  2010 жылы кардиохирургиялық көмек көрсетілетін болады - Дерновой

Қазақстанның барлық өңірлерінде 2010 жылы кардиохирургиялық көмек көрсетілетін болады - Дерновой

Астана. 28 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның барлық өңірлерінде 2010 жылы кардиохирургиялық көмек көрсетілетін болады. Бұл туралы бүгін "Денсаулық сақтау және халықтың денсаулығын қорғау жүйесін жетілдіру шаралары туралы" парламенттік тыңдау барысында ҚР денсаулық сақтау министрі Анатолий Дерновой мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 28 Мамыр 2008
  • 487
Фото - Caravan.kz

«Қазақстанның барлық өңірлерінде 2010 жылы кардиохирургиялық көмек көрсетілетін болады, сөйтіп осындай көмек қажет болған науқастар оны дер кезінде тұрғылықты жерінде алады», — деді А. Дерновой.

Ол қазір денсаулық сақтау министрлігі елімізде кардиологиялық және кардиохирургиялық қызметтерді дамыту бағдарламасын жүзеге асырып жатқанын хабарлады. «Осы жылдан бастап Астана, Алматы және Павлодарда заманауи кардиохирургиялық орталықтардың жобасын жасау мен құрылыс жұмыстары жүргізілуде, Қарағанды, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында коронарлық шунтирование тәсілімен алғашқы дербес операциялар жасалды», — деді министр.

Оның айтуынша, өңірлерде осындай дербес жасалатын операциялар саны тұрақты өсіп келеді. «Егер 2005 жылы Қазақстанда жүрекке 800 операция жасалса, 2007 жылы 2800 болды, ал 2008 жылы осындай 3500 операция жасау жоспарланған», — деді А. Дерновой.

Сонымен бірге, министрдің айтуынша, биыл республиканың төрт өңірінде (БҚО, СҚО, Алматы және Атырау облыстарында) кардиохирургиялық бөлімдер ашылады. «Келесі жылы осындай бөлімдерді Қызылорда, Жамбыл Маңғыстау облыстарында ашу жоспарланған, сөйтңп, 2010 жылы кардиохирургиялық бөлімдер желісі барлық өңірлерді қамтиды», — деді А. Дерновой.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті