«Біздің алдын-ала есептеулеріміз бойынша, Астана мен Алматының 157 құрылыс нысанына және олардың үлескерлері болып отырған 30 мыңнан астам азаматқа мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі», — деді К. Мәсімов.
Оның деректері бойынша 9000 мың адам үлескер болып отырған 148 нысанның «құрылысын өз бетімен аяқтайды». «Бізде 34 құрылыс нысандарына қатысты мәселе туындап отыр, оларға қатысты істерді сотта қарап, банкрот деп тану талап етілуде. Әкімдіктерге бұл мәселені шешу міндеті жүктелді «, — деп атап өтті ол.
«Үлескерлердің мәселесін реттеу үшін үкіметтің қаржысы мен мүмкіндіктері жеткілікті «, — деп атап өтті К. Мәсімов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті