ҚР Денсаулық сақтау министрлігі балаларға гемофилиялық жұқпалы дерттерге қарсы вакцина егу науқанын жүргізбекші - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі балаларға гемофилиялық жұқпалы дерттерге қарсы  вакцина егу науқанын жүргізбекші

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі балаларға гемофилиялық жұқпалы дерттерге қарсы вакцина егу науқанын жүргізбекші

Астана. 28 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі осы жылдың шілде айынан бастап екі жасқа дейінгі балаларға гемофилиялық жұқпалы дерттерге қарсы вакцина егу науқанын жүргізбекші. Бұл туралы бүгін "Денсаулық сақтау және халықтың денсаулығын қорғау жүйесін жетілдіру шаралары туралы" парламенттік тыңдау барысында ҚР денсаулық сақтау министрі Анатолий Дерновой мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 28 Мамыр 2008
  • 625
Фото - Caravan.kz

«Осы жылдың екінші жартысынан бастап екі жасқа дейінгі балалардың ауруға шалдығу және өлімге душар болу көрсеткіштерін төмендету үшін елімізде алғаш рет балаларға гемофилиялық жұқпалы дерттерге қарсы вакцина егу науқаны жүргізіледі», — деді А. Дерновой.

Оның айтуынша, осы мақсатпен перзентханалардың инфекцилық қауіпсіздігін қадағалау күшейтіледі.

Сонымен бірге, министрдің айтуынша, осындай ұйымдарда қазіргі заманғы тиімді перинаталдық технологиялар енгізіліп, босанар алдында диагностикалық скрининг жүргізіліп, балалар арасындағы туа біткен және тұқым қуалаған аурулардың алды алынуда. «Өткен жылдан бастап елімізде алғаш рет құлағы естімейтін балаларға кохлеарлық имплантант орнатуға бағытталған 28 бірегей операция жасалды, 2007 жылға дейін елімізде бұл әдістемеге қол жеткізу мүмкін болмай келген», — деді А. Дерновой. Оның айтуынша, 2008 жылы Қазақстанда осындай 150 операция жасалады деп жоспарланған.

«Министрлік бала туатын жастағы әйелдердің және балалардың арасында профилактикалық тексерулердің тиімділігін көтеруге қосымша шаралар қолданылатын болады, бұл орайда онкологиялық патологияларды анықтауға баса назар аударылатын болады, ол үлкен шығынды талап етпегенімен, тиімділігі жоғары», — деді министр. «Денсаулығы нашар, бірақ, ана болуға дайындалып жатқан әрбір әйелдің дербес сауықтыру жоспары болмақ», — деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті