Еліміздің барлық өңірлерінде 2010 жылы телемедициналық қызметтерге қол жеткізіледі - Дерновой - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің барлық өңірлерінде  2010 жылы  телемедициналық қызметтерге қол жеткізіледі - Дерновой

Еліміздің барлық өңірлерінде 2010 жылы телемедициналық қызметтерге қол жеткізіледі - Дерновой

Астана. 28 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Еліміздің барлық өңірлерінде 2010 жылы телемедициналық қызметтерге қол жеткізіледі. Бұл туралы бүгін "Денсаулық сақтау және халықтың денсаулығын қорғау жүйесін жетілдіру шаралары туралы" парламенттік тыңдау барысында ҚР денсаулық сақтау министрі Анатолий Дерновой мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 28 Мамыр 2008
  • 381
Фото - Caravan.kz

«Қазір Астана, Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары секілді төрт пилотты өңірде денсаулық сақтау саласының біртұтас ақпараттық жүйесі енгізілуде, келешекте бұл жүйеге ел жаппай қамтылады. Қазір құрылып жатқан Денсаулық сақтау саласын ақпарттандырудың ұлттық орталығының негізінде біртұтас телемедициналық желі құрылады, соның арқасында жетекші шетелдік клиникалармен консультациялар жүргізу мүмкіндігі туады», — деді А. Дерновой.

Оның мәліметінше, қазір телемедициналық қызметтерге Қазақстанның сегіз облысының 69 ауданында қол жеткізе алады. «2010 жылы бұл мүмкіндіктерді қалған облыстардың 59 ауданына жеткізу көзделген. Сөйтіп, 2010 жылы телемедицинаға Қазақстанның барлық өңірлері қамтылады», — деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті