Ұлттық банк таяу уақыттарда сыртқы берешектер бойынша минималдық резервтік талаптарды 6%-ға дейін төмендетуді жоспарлауда - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық банк таяу уақыттарда сыртқы берешектер бойынша минималдық резервтік талаптарды 6%-ға дейін төмендетуді жоспарлауда

Ұлттық банк таяу уақыттарда сыртқы берешектер бойынша минималдық резервтік талаптарды 6%-ға дейін төмендетуді жоспарлауда

Астана. 28 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Ұлттық банк таяу уақыттарда сыртқы берешектер бойынша минималдық резервтік талаптарды 6%-ға дейін төмендетуді жоспарлауда. Бұл туралы бүгін мәжілістің жалпы отырысында сөз сөйлеген ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Бисенғали Тәжияқов мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 28 Мамыр 2008
  • 419
Фото - Caravan.kz

«Қажет жағдайда қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары күшейтіледі. Бұл қазіргі минималдық резервтік талаптардың нормативтерін біршама төмендету мүмкіндігін білдіреді», -деді Б. Тәжияқов.

«Біз таяу уақыттарда сыртқы берешектер бойынша минималдық резервтік талаптарды 6%-ға дейін төмендетуді жоспарлап отырмыз. Бұл біздің бағалауымызша, банктерге қосымша 100 млрд теңгеге дейін қолма-қол ақшаны босатып алуға мүмкіндік береді», — деді ол. Осы орайда Б. Тәжияқовтың атап көрсетуінше, «Ұлттық банк екінші деңгейлі банктерге ауқымды көлемде тікелей ұзақ мерзімді көмек беруден бас тартпайды».

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті