«Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының барысында Рудный қаласында 4 кило героин сату кезінде есірткі сатушы мен сатып алушы — Ресей Федерациясының азаматын тұтқындады. Сатып алушы уақытша тұрған пәтерді тінту кезінде жалпы салмағы 769 грамм болатын наша табылып, тәркіленді», — деп хабарлады баспасөз қызметі.
Қазір Ұлтық қауіпсіздік комитетінің департаментінің тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті