Батыс Қазақстан облысының салық комитеті "Қарашығанақ Петролеумнің" банктік шоттарын тұтқыннан алды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстан облысының салық комитеті "Қарашығанақ Петролеумнің" банктік шоттарын тұтқыннан  алды

Батыс Қазақстан облысының салық комитеті "Қарашығанақ Петролеумнің" банктік шоттарын тұтқыннан алды

Орал. 28 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Батыс Қазақстан облысының салық комитеті "Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг" (ҚПО) компаниясының 2007 жылдың желтоқсан айында жабылған банктік шоттарын тұтқыннан алды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының Салық комитетінің бастығының орынбасары Ақлима Қайдашева мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 28 Мамыр 2008
  • 579
Фото - Caravan.kz

«ҚПО» компаниясының банктік шоттарына мамыр айында компания басшылығы қоршаған ортаны қорғау қоры бойынша есептеулерін ұсынғаннан кейін тұтқындалған», — деді А. Қайдашева. Компания басшылығының салық есепті беру талаптарын бұзуы ҚПО компаниясының шоттарын тұтқындауға себеп болған.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Батыс Қазақстан аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы ҚПО компаниясына қоршаған ортаны қорғау қоры бойынша салық есебімен келісуден бас тартқан болатын. Онсыз Батыс Қазақстан облысының Салық комитеті бұл құжатты қабылдамаған.

ҚПО компаниясы мен аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы арасындағы келіспеушіліктер экологтардың пайымдауынша, атмосфераға зиянды заттар шығару бойынша жалған ақпарат беруден туындаған. Экологтар сотқа арыз бергенен кейін Орал қаласының ауданаралық экономикалық соты ҚПО компаниясына 1,8 млрд теңге көлеміндегі айыппұл төлеуге міндеттеген.

«Қазіргі уақытта есеп берілген және шоттар ашылған», — деді А. Қайдашева.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті