700 — 1000 сум ($0,5 — 0,8) аралығында тұрған жеткілікті сападағы нан өндірісі де қысқарған. Оның да себебі бір — Қазақстаннан астық пен ұн экспортының тоқталуы.
Ұлттық тандыр нанды пісіруге маманданған кішігірім жекеменшік наубайханаларға әзірге әр түн сайын шекара арқылы КамАЗдармен Қазақстан ұнын тасып тұрған контрабандашылар көмектесуде. Қазақстаннан Өзбекстанның үлкен жүк сыйымдылығы бар көліктеріне ұн тиеу бақылау-өткізу пункттерінен алыс емес жерлерде өтетініне қарағанда екі мемлекеттің де шекарашылары мен кеденшілері өзбек азаматтарын бірінші қажеттіліктегі тауармен қамтамасыз етуге мүдделі болып отырғанға ұқсайды.
Өзбекстанның экономика және мемлекеттік статистика комитеті министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, өткен жылы осы елдің егіс алқаптарының иелері астықтың рекордтық түсімін — 6 млн 250 мың тонна астық жинаған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті