Қызылорда және Жамбыл облыстарында екі бала суға батып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда және Жамбыл облыстарында екі бала суға батып кетті

Қызылорда және Жамбыл облыстарында екі бала суға батып кетті

Астана.29 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қызылорда және Жамбыл облыстарында екі бала суға батып кетті, деп хабарлайды агенттік ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 29 Мамыр 2008
  • 354
Фото - Caravan.kz

ТЖМ ақпараты бойынша, Қармақшы ауданындағы Жосалы кентінде 28 мамырда 14 сағат 30 минутта (Қызылорда облысы) Сырдария өзенінде шомылып жүріп 12 жастағы қыз бала суға батып кетті. Құтқару қызметінің сүңгуірлері қыз баланың денесін 18 сағат 25 минутта судан шығарды.

Сонымен қатар, Жамбыл облысының Тараз қаласында («Рассвет» бақшашылар қоғамы ауданындағы су арнасында) 27 мамырда 23 сағат 30 минутта 10 жасар бала суға батып кеткен. Баланың денесі судан құтқару қызметінің күшімен 14 сағат 35 минутта шығарылды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті