Баспасөз қызметінің хабарлауынша, тарифтер 2008 жылдың 1 шілдесінен бастап 2012 жылға дейін көтеріледі. Бұл жылу және электр энергиясын өндіруге кететін шығындарды жабу қажеттілігінен туындаған.
Қуаты 150 киловаттан асатын өндірістік және ауыл шаруашылық тұтынушыларына тарифтер 20 пайызға көтеріліп, 1 кВт-сағатқа ҚҚС есептемегенде 96 тыйынды құрайды. Ал қуаты бұдан аз өнеркәсіп орындары үшін тариф кВт-сағатына 110,8 тыйын, ауыл шаруашылығында — 147,8 тыйын болады. Бюджеттік тұтынушыларға қатысты ол 25 пайызға (100 — 110,9 тыйын), коммерциялық тұтынушыларға — 28 пайызға (102 — 130 тыйын) ұлғаяды.
Қарапайым халық үшін 13 пайыздық (70 тыйын) өсім қаралған. Ал қуат құны енгізілген кезде ол 82 — 94,9 тыйынға дейін көтеріледі. Халық үшін жылудың тарифі шамамен 30 пайызға өсіп, гигакалориясына 500 сомды құрайтын болады. Өнеркәсіп, бюджет және басқа да тұтынушыларға осындай төлем белгіленген. 2012 жылға қарай 1 гигакалорияның құны 1 570 сомды құрамақ.
Халық үшін ыстық су 128 пайызға қымбатқа түседі. Төлем гигакалориясына 360 сомға жетпек. Бұл орта есеппен алғанда адам басына 138 сом деген сөз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті