Алматы қаласының салық департаментінің басшысы мен қала аудандарының салық басқармаларының бастықтары тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы қаласының салық департаментінің басшысы мен қала аудандарының салық басқармаларының бастықтары тағайындалды

Алматы қаласының салық департаментінің басшысы мен қала аудандарының салық басқармаларының бастықтары тағайындалды

Алматы. 29 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қаласының салық департаментінің басшысы мен қала аудандарының салық басқармаларының бастықтары тағайындалды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 29 Мамыр 2008
  • 1803
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарламасына сүйенсек, 26 мамыр күні Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі салық комитетінің Алматы қалалық салық департаментінің басшысы болып Нұрила Үсенова тағайындалған.

«Н. Үсенова Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін бітірген. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік табыстар министрлігінің әдістеме департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің салық комитетінің төрағасының бірінші орынбасары қызметтерінде істеген жұмыс тәжірибесі бар», — деп көрсетілген хабарламада.

Сондай-ақ, осы хабарламада Алматы қалалық салық департаментінің Жетісу аудандық басқармасының бастығы болып Алмалы аудандық салық комитетінде, Павлодар облыстық салық комитетінің төрағасы қызметтеріндегі жұмыс тәжірибесі бар Қайрат Әшуов тағайындалғаны айтылған.

Алматы қалалық салық департаментінің Бостандық ауданы бойынша салық басқармасын бұрын Солтүстік Қазақстан облысының салық комитетінің төрағасы болған Қали Рахметов басқаратын болды.

Ал Алматы қалалық салық департаментінің Алмалы ауданы бойынша салық басқармасының бастығы болып осыған дейін Шымкент қалалық салық комитетінің төрағасы болып қызмет істеген Асқар Тынысбеков тағайындалды.

Алматы қалалық салық департаментінің Медеу ауданы бойынша салық басқармасының бастығы болып бұған дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік салық инспекциясының заңды тұлғаларға салық салу басқармасының бастығы, ҚР Қаржы министрлігінің салық комитетінің тіркеу-сараптама жүргізу басқармасының бастығы, Алматы қалалық салық комитеті төрағасының орынбасары, Алматы облыстық салық комитетінің төрағасы болып қызмет атқарған Бақытжан Қыртаев тағайындалды.

Сондай-ақ, Алматы қалалық салық департаментінің Түрксіб ауданы бойынша салық басқармасының бастығы болып осыған дейін Алматы қаласының Түрксіб ауданының салық басқармасының төрағасының орынбасары, Қызылорда облыстық салық комитетінің төрағасы қызметтерінде істеген Төлеген Сәрсембаев тағайындалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті