Қазақстан үкімет басшысы Малайзия елшісіне екі ел арасындағы қарым-қатынастарды дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан үкімет басшысы Малайзия елшісіне екі ел арасындағы қарым-қатынастарды дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтты

Қазақстан үкімет басшысы Малайзия елшісіне екі ел арасындағы қарым-қатынастарды дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтты

Астана. 28 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов кеше Малайзияның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Дато Тан Тай Хинмен кездесті, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 29 Мамыр 2008
  • 578
Фото - Caravan.kz

Премьер-Министр допломатиялық қызметінің мерзімі аяқталған елшіге Қазақстан Республикасы мен Малайзия арасындағы қарым-қатынастарды дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтты.

Өз кезегінде, Малайзия елшісі екі жақты қарым-қатынастарды дамыту ісіндегі көмегі мен ынтымақтастығы үшін Қазақстан басшылығына деген ризашылығын білдірді.

Тараптар кездесу соңында Қазақстан мен Малайзияның саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастығының одан әрі үдемелі дамуына деген сенімдерін білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті