«Мырзакент» заставасының шекара наряды тіркемесі бар КамАЗ көлігімен Өзбекстан шеарасына қарай бағыт алған Қазақстан азаматын қолға түсірді. Ол шекарадан заңсыз түрде 25 тонна контрабандалық ұнды өткізбекші болған.
Мәселенің жай-жапсары анықталуда.
Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша айдың басынан бері қазақ шекарашылары 63 тонна контрабандалық ұнды тасымалдау оқиғасына тосқауыл қойды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті