Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша шығысқазақстандық 1500-қа жуық жас жігіт облыс экономикасына өзінің үлесін тигізіп, жұмыстары үшін еңбекақы алатын болады.
«Биылғы жылы облыстың құрылыс нысандарына 1,5 мыңға жуық жасты жұмыспен қамтамасыз ету жоспарланған. Студенттік отрядтар экономиканың түрлі салаларын игереді, сондықтан олардың қызмет түрлері де сан алуан болып отыр. Құрылыс отрядтарымен қатар, ұстаздық, туристік, ауылшаруашылық, қызмет көрсету отрядтары құрылады. Штаб басшылығы жастардың демалуына үлкен көңіл бөліп отыр», — деп түсіндірді баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, өңірлік студенттік отрядтары үшін 2007 жылғы жазғы еңбек семинары ойдағыдай өтті.
«2000 адамға жуық студенттік құрылыс отрядтарының мүшелері 85,0 млн теңге көлемінде құрылыс жұмыстарын жасады, бұл 2006 жылғы көрсеткіштерден артық», — деп толықтырды облыстық әкімдіктегілер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті