«Соңғы 4 жылда «Арселор Миттал Теміртау» акционерлік қоғамының шахталарында болған 3 жарылыстан кейін 94 адам қаза болғаны белгілі. Барлық жарылыстардың негізгі себебі еңбек жағдайын және техника қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын сақтамағандықтан болғанын тексеру көрсетіп отыр.
Шахталарда жерасты құралдардың 70 пайызы толық тозған және оларды алмастыру қажет. Кейбір машиналар 1948-1952 жылдан бастап істеп келеді, ал олардың жұмыс мерзімі 20 жыл»,- деді ресми өкіл.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті