Әзербайжанда биылғы жылы 50 млн тонна мұнай шығарылады - Алиев - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әзербайжанда биылғы жылы 50 млн тонна мұнай шығарылады - Алиев

Әзербайжанда биылғы жылы 50 млн тонна мұнай шығарылады - Алиев

Баку. 3 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Әзербайжанда биылғы жылы 50 млн тонна мұнай шығарылады, ал алдағы жылы оның көлемі 60 млн тоннаға дейін ұлғаяды. Бұл туралы Әзербайжанның президенті Ильхам Алиев жыл сайын өткізілетін "Мұнай және газ 2008 , Каспийдің мұнайхимиясы және мұнай өңдеу" ("Caspian Oil & Gas 2008") атты 15-ші көрмесінің ашылу рәсімде сөз сөйлеген кезде баяндады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 3 Маусым 2008
  • 412
Фото - Caravan.kz

«Біздің елімізде үлкен табыс әкелетін мұнай секторы өте дамыған. Мемлекеттік валюталық қоры $10 млрд асады, болашақта оның мөлшері одан бетер артады. Әзербайжандағы мұнайгаз ресурстары кемінде 100 жылға жетеді «, — деп атап өтті И. Алиев.

Мемлекет басшысы атап өткеніндей, Шах-Дениз кен орны игеріле бастағаннан кейін Әзербайжан газды экспорттаушы елге айналды.

«Болашақта газ шығару көлемі ұлғайып, оны экспорттау географиясын да кеңейеді. Әзербайжан кейбір мемлекеттер мен аймақтарға тиімді шарттар бойынша газ тасымалдау жобаларына қатысуға дайын. Қазірдің өзінде біз бірқатар мемлекеттің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырмыз», — деп түсіндірді ол.

«Caspian Oil & Gas 2008″ көрмесіне әлемнің 33 мемлекетінің 380 компаниясы қатысып отыр. Көрменің жұмысы 6 маусымға дейін жалғасады. Көрме аясында 4-5 маусымда » Еуропаны қуат көздерімен қамтамасыз етуде Каспийдің мұнайгаз ресурстарының ролі» атты конференция өткізіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті