Назарбаев ТМД мемлекет басшыларының бейресми кездесуіне қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев ТМД мемлекет басшыларының бейресми кездесуіне қатысады

Назарбаев ТМД мемлекет басшыларының бейресми кездесуіне қатысады

Астана. 3 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 6 маусымда Санкт-Петербург қаласында өтетін ТМД мемлекет басшыларының бейресми кездесуіне қатысады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

  • 3 Маусым 2008
  • 381
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан президенті 6 маусымда Санкт-Петербург қаласында өтетін ТМД мемлекет басшыларының бейресми кездесуіне РФ президенті Дмитрий Медведевтің шақыруымен қатысады», — деді СІМ өкілі.

Оның айтуынша, саммит барысында мемлекет басшылары ТМД-ын одан әрі дамыту тұжырымдамасын жүзеге асырудың негізгі шаралары жоспарының жүзеге асырылу барысын, соның ішінде ТМД-ның 2020 жылға дейінгі экономикалық даму стратегиясының жобасын жасау барысын талқылауды көздеуде. Сондай-ақ, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларының кешенін жүзеге асыру, 2020 жылға дейінгі көлік саласындағы ынтымақтастықты дамытудың басымдық берілген бағыттарының жобасын жүзеге асыру жайы талқыланады. Тараптар Достастық органдарының іс-қызметін жетілдіру мен гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін қарамақшы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті