Ходжентке жеткізілетін көмек табиғи апаттардың салдарынан туындаған халықты азық-түлікпен қамтамасыз етудегі қиын экономикалық жағдайға байланысты бөлінген.
Ақпарат көзінің хабарлауынша, Қырғызстан Тәжікстан мен Ауғанстанға 200 тонна ұн бөлген. Үкіметтің гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі қаулысына Қырғызстан Республикасының премьер-министрі Игорь Чудинов 22 мамырда қол қойған. Қырғызстан Республикасының «Мемлекеттік материалдық қор туралы» заңына сәйкес үкімет Қытайдан жеткізілетін 1 сұрыптағы ұннан 200 тонна бөлу жөнінде шешім қабылдаған. Көмек екі мемлекет арасында теңдей бөлінеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті