Есеп комитеті даму институттарының жобаларын жүзеге асыруға бөлінген қаржының тиімсіз пайдаланылуын атап көрсетуде - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Есеп комитеті даму институттарының жобаларын жүзеге асыруға бөлінген қаржының тиімсіз пайдаланылуын атап көрсетуде

Есеп комитеті даму институттарының жобаларын жүзеге асыруға бөлінген қаржының тиімсіз пайдаланылуын атап көрсетуде

Есеп комитеті даму институттарының жобаларын жүзеге асыруға бөлінген қаржының тиімсіз пайдаланылуын атап көрсетуде. Бұл туралы есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысында 2007 жылғы республикалық бюджеттің орындалуы жайлы есепті таныстыра сөйлеген сөзінде мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 24 Маусым 2008
  • 400
Фото - Caravan.kz

«Даму институттарының жобаларын іс жүзінде орындау жағы ақсап тұр»,- деді О.Өксікбаев. Оның айтуынша, «мысалы, Инновациялық қор 2005-2006 жылдары 2,2 млрд. теңгеге 10 жобаны қаржыландырғанымен, оларды белгіленген талаптарға сай болуын қамтамасыз етпеген. Осы жобалардың бірде біреуі пайдалануға берілмеген».

«Өздеріңіз білесіздер, 2007 жылы республикалық бюджеттен қаржы активтерін сатып алуға 370 млрд. теңге бөлінген, яғни бұл бюджет шығынының 18 пайызын немесе жалпы ішкі өнімге шаққанда 3 пайызды құрайды. Бюджет қаражаты есебінен 30-дан астам акционерлік қоғамның және 7 әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның жарғылық капиталдары толықтырылды»,- деді Есеп комитетінің төрағасы.

Осыған байланысты есеп комитеті мынадай сұрақ қояды: осы активтер ел экономикасының өсуіне, дәлірек айтқанда, қазақстандық өндірістің құрылымындағы инновациялық құрамдас бөліктің деңгейін арттыруға қаншалықты атсалысып жатыр?

Осы орайда комитет басшысы жекелеген даму институттарының, мемлекеттің қатысуымен құрылған басқа да акционерлік қоғамдардың және мемлекеттік мекемелердің негізгі қызметінің тиімділігін арттырудың қажеттігі туралы бұрын да айтқанын еске салды.

Сондай-ақ, мемлекеттің қатысуымен құрылған акционерлік қоғамдарға бөлінетін бюджет қаражатын жұмсауға қатысты нормативтік сипаттағы нақты басым бағыттарды айқындаудың қажеттілігі туралы мәселені де бірнеше рет көтерген.

«Даму институттары мен ұлттық компаниялардың әкімшілік қажеттіліктеріне, олардың жалақысына, қызметкерлерін көтермелеуге жұмсалған әрбір теңге өзін-өзі ақтауы тиіс»,- деді О.Өксікбаев.

Уәкілетті органның пікірінше, мемлекеттің активтерін басқару жөніндегі бас менеджерлер ретінде мемлекеттік уәкілетті органдардың рөлі айқын жоспарлау болуы керек. Мұндай жағдайда тек инвестициялық жобалар іске асыруға толық дайын болған кезде ғана бюджеттен ақшаны алуға болады. Бұл ретте қажетті техникалық, экономикалық негіздеуші құжаттар мен жобалау-сметалық құжаттама ғана болып қоймай, сонымен қатар, жобаның әрбір қатысушысы оны мерзімінде орындаудың жолын айқын көруге тиіс. Сонымен қоса, уәкілетті органдар әкімшіліктік қысымсыз нақты мониторингі және бақылау жүйесін дұрыс жолға қоюы қажет.

«Осылайша, инвестициялық жобаларға әлі де қажетті қарқынды үдету күтіп тұр. Өз кезегінде, инновациялық жобаларды іске асырудың жеделдетілген қарқыны Қазақстанға қосылған құны бар өз өндірісінің көлемін ұлғайтуға мүмкіндік берер еді»,- деді ол. О.Өксікбаевтың айтуынша, оның бюджетке не әкелетінін түсіну қиын емес. «Түбінде, қазіргі жағдайды, яғни бюджет кірісінің 45 пайызы импорттық оперциялардан түсіп жатқан кезеңді түбегейлі өзгерте аламыз деп ойлаймын»,- деді ол.

Оның мәліметінше, бүгінгі таңда, жетекші еуропалық елдерде технологиялық инновацияларды жүзеге асырып жатқан кәсіпорындардың үлесі 40-50% құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті