ҚР ІІМ құқықтық статистиканы жүргізетін құрылымды азаматтық мекемеге беруді қолдайды - Шпекбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР ІІМ құқықтық статистиканы жүргізетін құрылымды азаматтық мекемеге беруді қолдайды - Шпекбаев

ҚР ІІМ құқықтық статистиканы жүргізетін құрылымды азаматтық мекемеге беруді қолдайды - Шпекбаев

Астана. 24 маусым. "Қазақстан Бүгін" - ҚР ІІМ құқықтық статистиканы жүргізетін құрылымды азаматтық мекемеге беруді қолдайды. Бұл туралы бүгін "Ішкі істер органдарының іс-қызметін жетілдіру: демократиялық принциптер және азаматтық қоғамның ролі" атты халықаралық конференция барысында ішкі істер вице-министрі Алик Шпекбаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 24 Маусым 2008
  • 458
Фото - Caravan.kz

«Кезінде біз құқықтық статистиканы жүргізуге байланысты функцияны Бас прокуратураға бергенбіз. Ал қазір осы функцияны ҚР Статистика жөніндегі агенттігіне беру жайлы сөз болуда», -деді А. Шпекбаев.

Вице-министр сонымен бірге Ішкі істер министрлігі шағын және орта бизнеске көрсетілетін әкімшілік қысымды азайту мақсатында ішкі істер органдары лицензия беретін іс-қызметке қол жеткізу үшін міндетті түрде тапсырылатын құжаттардың тізімі 40%-ға қысқарғанын хабарлады. «Бұл үкіметтің бастамасы болған, біз лицензиялардың санын қысқарта алмадық, өйткені, олар ең минималдық деңгейге жеткен, бірақ, біз құжаттардың санын азайттық», -деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті