«»Престиж» мектебі 58-ші, «Джаз Бенд» музыкалық мектебі 39-шы, Айнабұлақтағы «Сұлтан» спортклубы 104-ші, «Нұрмай» ЖШС 43-ші, қазір студия орналасқан 75-ші, «Байланыс» емханасы иемденіп отырған 110-шы балабақшалар мемлекетке қайтарылады», — деді Л. Сейілова.
Ғимараттар қайтылған соң балаларға жаңа 300 орын пайда болады. Қазір Алматыдағы балабақшалардағы орын кезегінде 10,5 мың адам тұр. Бірақ білім департаментіндегілердің айтуынша, «биыл 8 мың бала бірінші сыныпқа барғандықтан, олардан босаған орындарға шақырылуда, күзде топтарды жасақтау аяқталған кезде кезек қысқарады», — деп сендірді Л. Сейілова.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті