Хабарламада көрсетілгендей, Э. Рахмон кеше таңертең «Израиль — Ресей — ТМД» сауда-өнеркәсіп палатасының жетекшісі, Дүниежүзіндегі бұқара еврейлері конгресінің төрағасы, ТМД елдерінің еврей қауымдастықтары федерациясының басшысы Леви Леваевты қабылдаған.
Л. Леваевтың айтуынша, Тәжікстан президентімен кездесу барысында экономикалық сипаттағы мәселелер талқыланған. «Менімен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон бизнесменмен сөйлескендей Тәжікстан экономикасына инвестиция салу мүмкіндігі жайында әңгімелесті және мен бұл мәселені қарастыруға дайын екендігімді білдірдім», — деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті