Көркем гимнастикадан РФ құрамасының жаттықтырушысы осы спорт түрі бойынша сайыстардың форматын өзгерту қажет деп санайды - kaz.caravan.kz
  • $ 499.51
  • 525.83
0 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көркем гимнастикадан РФ құрамасының жаттықтырушысы осы спорт түрі бойынша сайыстардың форматын өзгерту қажет деп санайды

Көркем гимнастикадан РФ құрамасының жаттықтырушысы осы спорт түрі бойынша сайыстардың форматын өзгерту қажет деп санайды

Астана. 18 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Көркем гимнастикадан РФ құрамасының жаттықтырушысы Ирина Винер осы спорт түрі бойынша сайыстардың форматын өзгерту қажет деп санайды. Бұл туралы ол бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 18 Шiлде 2008
  • 625
Фото - Caravan.kz

«Біз бұдан былай Олимпиада ойындарының бағдарламасында көркем гимнастика үшін жекелеген бағдарлама түрлерін енгізіп, әр елдің осы сала спортшыларына жекелеген бағдарламалар бойынша олимпиада медальдарын жеңіп алуға мүмкіндік туғанын қалаймыз», — деді И. Винер.

«Біз қандайбір жолмен бірігіп, Халықаралық Олимпиада комитетіне өтініш жасауымыз қажет. Өйткені, біздің спорт түрінен Олимпиада ойындарында жарыстарға бөлінген күндер де, жарысқа қатысушылардың саны да өзгеріссіз қалып отыр. Олимпиада ойындары екі күн ғана өтеді. Ал біздің гимнаст қыздарымыз тек көпсайыста ғана жеңімпаз атана алады. Егер біз өзгертуге қол жеткізе алсақ, әр ел көркем гимнастиканы дамытуға ауқымды ынталандыруға ие болар еді», -деді жаттықтырушы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті