Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Талғат Советбекұлы Донақов Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды.
Сондай-ақ, мемлекет басшысының өкімдерімен Донақов Талғат Советбекұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды;
Шалабаев Сейітжан Диханбекұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті