Кездесуге қатысушылар әлеуметтік, экономикалық және мәдени даму салаларындағы ауқымды мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Әңгімелесушілер Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан Үкіметтері мен ханзада Ага Хан IV-інші арасындағы халықаралық шарт аясында Қазақстанда Орталық Азия университетін ашу және оны ұйымдастыру мәселесін талқылады.
Тараптар халықтар арасындағы өзара сенім, достық және бейбітшілікті нығайту аясында білім беру, сондай-ақ тарихи және мәдени құндылықтарды сақтау саласындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.
Кездесудің соңында ханзада Кәрім Ага Хан IV премьер-министрге Қазақстандағы миссиясына көмек көрсеткені үшін алғысын айтты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті