«Қазір шикізаттың бағасы арзандады, бізде және көрші елде астық пен өсімдік майының бағасы төмендеді, өндірістің маңызды құрамды бөлшегі — жанар-жағармайдың бағасы да арзандады. Бірақ азық-түлік өнімдерінің бағасы өзгерген жоқ, тіпті кейбір облыстарда ол көтеріле түсуде», — деді А. Күрішбаев.
«Осыған байланысты біз Бәсекелестікті қорғау агенттігінен елімізде азық-түлік өнімдеріне баға түзу ахуалына талдау жасауды және әділетсіз бәсекелестік деректерін анықтауды, осындай кәсіпорындарда бағаны төмендетуге шара қолдануды сұрадық. Бұл іске агенттік өз құзыретіне сай кіріседі, ал облыс әкімдерінен осы іске араласып, жергілікті жерлерде шара қолдануды өтінемін. Біз бағаның өсе түсуімен енді келісе алмаймыз. Шикізаттың бағасы арзандағандықтан, өнім де арзандай түсуге тиіс, елімізге әкелініп жатқан импорттық өнімдер де арзандай түсуде «, -деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті