Ересектер арасындағы сайысқа қатысушы 15 жастағы теннисші қыз турнирдің бірінші раундын табысты аяқтап, корт қожайыны Моника Яжиманы 6:1; 6:3 санымен жеңген болатын. Екінші айналымда ол Ресейлік теннисші Анна Маренкомен бақ сынасып, бірінші сетте 4:6 санымен жеңілсе, бұдан кейінгі екі сетте 6:2, 7:5 сандарымен жеңді .
Ал үшінші айналымда ол Чехиялық Мартина Бореканы қатаң сайыста тізе бүктірді. Бүгін ширек финалда Зарина Диас Литвалық Ивета Дапкутемен бақ сынасады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті