Ересектер арасындағы сайысқа қатысушы 15 жастағы теннисші қыз турнирдің бірінші раундын табысты аяқтап, корт қожайыны Моника Яжиманы 6:1; 6:3 санымен жеңген болатын. Екінші айналымда ол Ресейлік теннисші Анна Маренкомен бақ сынасып, бірінші сетте 4:6 санымен жеңілсе, бұдан кейінгі екі сетте 6:2, 7:5 сандарымен жеңді .
Ал үшінші айналымда ол Чехиялық Мартина Бореканы қатаң сайыста тізе бүктірді. Ширек финалда Зарина Диас Литвалық Ивета Дапкутені жеңді.
Бірақ жартылай финалда Ұлыбританияның Хизер Ватсон есімді теннисшісінен жеңілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті