«2009 жылы Қазақстандық спортшылар әлем чемпионаттарында 93 медаль жеңіп алды, соның ішінде олимпиадалық спорт түрлері бойынша 6 алтын, олимпиадалыққа жатпайтын спорт түрлері бойынша 16 алтын жүлде жеңіп алды. Бұл — отандық спорттың даму тарихындағы рекордтық көрсеткіш», — деді Т. Досмұхамбетов.
Сөйтіп, министрдің айтуынша, Қазақстан олимпиадалық спорт түрлері бойынша ұтып алынған алтын медаль саны бойынша әлемдік рейтингте 16-шы орынға ие болды.
«Өткен жылы қол жеткізілген табыстар еліміздің спортшыларына 2012 жылы Лондонда өтетін кезекті ХХХ жазғы олимпиада ойындарында табыс көрсетуге алғышарт болмақ», — деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.