Футболдан 2010 жылғы Әлем чемпионаты көрсетілімінің демеушісі спорт журналистері арасында конкурс жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Футболдан 2010 жылғы Әлем чемпионаты көрсетілімінің демеушісі спорт журналистері арасында конкурс жариялады

Футболдан 2010 жылғы Әлем чемпионаты көрсетілімінің демеушісі спорт журналистері арасында конкурс жариялады

Әлем чемпионатының матчтарын ҚР аумағында көрсетудің («Хабар» және «Ел арна» телеарналары) демеушісі болған Альянс Банкі қазақстандық басылымдардың спорт тақырыбына жазатын тілшілері арасында мундиаль көрсетілімдері туралы баяндауға конкурс жариялады.

  • 16 Маусым 2010
  • 663
Фото - Caravan.kz

Байқау жүлдесі — осы жылдың 27 тамызында Луи ІІ стадионында Интер (Чемпиондар Лигасының жеңімпазы) және Атлетико (Еуропа Лигасының жеңімпазы) топтарының УЕФА Суперкубогы үшін ойналатын матчқа жолдама, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Демеушілердің айтуынша, жолдамадағы авиабилеттер, қонақүй, матчқа билет қаржысы банк тарапынан төленетін болады.

«Конкурстың мақсаты — қазақстандық қоғамның спортқа және салауатты өмір салтына ықыласын арттыру, азаматтардың назарын ірі халықаралық жарыстардың көрсетілімін ұйымдастыру мәселелеріне көбірек аудару», дейді байқауды ұйымдастырушылар.

Конкурс шарттары бойынша, байқау тек, «2010 жылғы Әлем чемпионатының көрсетілімдерін үздік баяндау» аталымы бойынша ғана өткізіледі, әрбір қатысушы мемлекеттік және (немесе) орыс тілінде республикалық БАҚ-та жариялаған (эфирге шығарған) материалдарының шектеусіз санын ұсына алады, байқауға 2010 жылдың 11 маусымынан 19 шілдесіне дейінгі аралықта жарияланған (эфирге шыққан) материалдар қабылданады. Басты шарт — барлық материалдар Әлем чемпионаты ойындарын көрсету мәселелеріне тікелей қатысты болуы тиіс.

Байқау шілде айының 23-не дейін өткізіледі.

Қатысуға ынта білдіргендер байқаудың толық өткізу тәртібімен www.alb.kz сайтындағы «Медиа-орталық» бөлімінде таныса алады.

Жүлде «Альянс Банкі» АҚ қызметкерлерінен жасақталған қазылар алқасының шешімімен берілмек.