Онда ел намысын Талдықорғанның «Жетісу» волейбол клубы қорғайды. Бас бапкер Нелли Щербакова Азия чемпионатында мына спортшыларға үміт артпақ. Олар — Сана Жарлағасова, Людмила Анарбаева, Татьяна Пюрова, Ирина Зайцева, Оксана Михолап, Ольга Наседкина, Олеся Арсланова, Коринна Ишимцева, Алена Омельченко, Марина Стороженко, Елена Эзау, Инна Матвеева мен Ольга Дробышевская. Бұл дүбірлі додадағы алғашқы ойынын қазақстандық қыздар қытайлық құрбыларымен өткізеді. «В» тобына олардан басқа Вьетнам, Оңтүстік Корея және Тайланд командалары еніп отыр. Жеңімпаздардың аттары шілденің 4-і күні өтетін ақтық ойында белгілі болады.
Жалпы Н. Щербакованың шәкірттері өткен аптада «Тайланд ханшайымы кубогы» Халықаралық турниріне қатысқан еді. Олар бұл байрақты бәсекеде ақтық ойында жарыс қожайындарына есе жіберіп, жүлделі екінші орынға ие болды.