«Нұр Сұңқар» конкурсы «Нұр Отан» ХДП қамқоршылығымен қаңтар айында басталған болатын және өз алдына партия қызметін сауатты көрсете білген таңдаулы БАҚ-ты анықтау міндетін қойды. Конкурстың 18 аталымына орталық БАҚ қана емес, аудандық және ауылдық мерзімді баспасөз өкілдері — журналистер, операторлар, фототілшілер қатысты.
«Бүгінде сіздер болып жатқан оқиғаларды хабарлап қана қоймай, қоғамды топтастыруда, оның көзқарасын қалыптастыруда елеулі рөл атқарып, ел Президенті — партиямыздың көшбасшысы алға қойған міндеттерді жүзеге асыруға тікелей қатысып келесіздер. «Нұр Сұңқар» сыйлығы Қазақстанда журналистиканы жақсы дамытуға ынталандырады деп сенемін, бұдан былай ол дәстүрге айналып, жыл сайын өткізіледі», — деді партия төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин.
Бұдан басқа сондай-ақ «Ақпараттық таспа» аталымының мүсіншесі «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің бас директоры Нәила Ишмұхамедоваға тапсырылды.