Үкімет басшысы жаңа спорттық кешеннің ашылуына қатысты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
0 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет басшысы жаңа спорттық кешеннің ашылуына қатысты

Үкімет басшысы жаңа спорттық кешеннің ашылуына қатысты

Бүгін Астанада Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың қатысуымен Төтенше жағдайлар министрлігінің жаңа спорттық кешенінің ашылу рәсімі өтті.

  • 2 Шiлде 2010
  • 571
Фото - Caravan.kz

Аталған министрлік қызметкерлерінің спорттық жетістіктетін дамытуға арналған маңызды нысан елорда күні қарсаңында іске қосылып отырғанына тоқталған Премьер-Министр, «төтенше жағдайлар қызметкерлерінің спорттық даярлығы мен біліктілігін жетілдіру басты шаралардың қатарында. Осы тұрғыда еліміздің азаматтары өз өмірлерінің қауіпсіздігі үшін сенімді бола алады. Себебі, апатты жағдайларда сіздердің біліктіліктеріңіздің арқасында мемлекет көмекке келіп, адам өмірлері құтқарылады, сондай-ақ осы жұмыстарды сіздер жылдам әрі уақытылы атқара аласыздар»,-деді.

«Сіздерге бүгін сыйлық жасалып отыр, осыған байланысты үздік жетістіктер мен жедел жұмыстар арқылы біздің халқымызға тиісінше қызмет көрсетулеріңіз қажет»,-деп атап өтті К.Мәсімов.

Айта кетейік, бұл спорттық кешен елордадағы №5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында орналасқан. Кешенде оқу-жаттығу мұнарасы, бассейн, жауынгерлік және жаттығу залдары, футбол, волейбол алаңдары мен теннис залы, сондай-ақ өрт сөндірушілер мен құтқарушылар қызметіне қажетті басқа да құралдар мен жабдықтар жасақталған. Құрылыс алаңы 2,5 гектар аумақты алып жатыр. Спорт кешенінің құрылысына 700 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді.

«Төтенше жағдайлар министрлігінде өрттен қорғау спорты бойынша жыл сайын қысқы және жазғы чемпионаттар өткізіліп келеді. Жарыста үздік деп танылған қызметкерлер министрліктің құрама командасына іріктелінеді. Атап айтқанда, бұл спортшылар осы спорт түрі бойынша халықаралық сайыстарда еліміздің намысын қорғауға қатысады»,-дейді төтенше жағдайлар қызметкерлері.