Волейболдан Алматыда өтіп жатқан XVII «ҚР Президенті кубогы" халықаралық турниріндегі алғашқы кездесулер 3:0 есебімен аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Волейболдан Алматыда өтіп жатқан XVII «ҚР Президенті кубогы" халықаралық турниріндегі алғашқы кездесулер 3:0 есебімен аяқталды

Волейболдан Алматыда өтіп жатқан XVII «ҚР Президенті кубогы" халықаралық турниріндегі алғашқы кездесулер 3:0 есебімен аяқталды

Кеше Алматыда жалауын көтерген волейболдан ерлер мен әйелдер командалары арасындағы "ҚР Президенті кубогы" XVII халықаралық турниріндегі алғашқы 4 кездесуде де бірдей есеп тіркелді.

  • 7 Шiлде 2010
  • 470
Фото - Caravan.kz

Алаңға бірінші боп әйелдер шыққан болатын. Онда Украина ұлттық құрамасы Қытайдың «Джиангсу» волейбол клубынан 0:3 (15:25, 16:25, 22:25) есебімен ұтылды. Одан кейін ерлер арасында Қазақстанның бірінші және екінші командасы өзара кездесіп, бұл ойын да 3:0 (25:11, 25:22, 25:23) есебімен аяқталды. Бұл көрсеткіш әйелдер арасындағы қазақстандық екі команданың арасындағы сайыста да қайталанды (27:25, 25:19, 25:21).

Алғашқы күнгі ойынды ерлер арасында Тунис пен Иран құрамаларының арасындағы кездесу (20:25, 21:25, 18:25) түйіндеді. Бүгін әйелдер арасындағы Қазақстанның 2-ші командасы қытайлық құрбыларымен, бірінші командасы Украина құрамасымен ойнайды. Ал ерлер арасындағы 2-ші командасы Иран құрамасымен кездессе, Ресейдің «Локомотив-Изумруд» командасы Тунис құрамасымен сынға түсетін болады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера