Бейбіт Шүменов WBA нұсқасы бойынша чемпиондық атағын қорғайды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бейбіт Шүменов WBA нұсқасы бойынша чемпиондық атағын қорғайды

Бейбіт Шүменов WBA нұсқасы бойынша чемпиондық атағын қорғайды

Шілденің 23-і күні АҚШ-тың Калифорния штатының Лемур қаласында Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA) нұсқасы бойынша Әлем чемпионы атағын қорғау үшін алғаш рет украиндық Вячеслав Узелковпен жекпе-жек өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  • 19 Шiлде 2010
  • 493
Фото - Caravan.kz


Бейбіттің бұл жолғы қарсыласы 22 кездесу өткізіп, оның 12-сін нокаутпен аяқтаған Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының құрлықаралық чемпионы. Ол жартылай ауыр салмақта WBA рейтингінде — 2 (сәуір), EBU рейтингінде — 3 (сәуір), WBO рейтингінде — 4 (мамыр), WBC рейтингінде — 9 (мамыр), IBF рейтингінде — 13 (2009 жылдың қарашасы) сатыда тұр. 1978 жылы сәуірдің 8-і күні Винницада (Украина) дүниеге келген Вячеслав бокспен 1987 жылдан бері айналысады. Әуесқой бокста 1997 жылы жасөспірімдер арасында Еуропа чемпионатында бірінші, 1998 жылы Әлем кубогында екінші, 1999 жылы Әскерилердің бүкіләлемлдік ойындарында үшінші, 2001 жылы Әлем чемпионатында үшінші, 2002 жыл Еуропа чемпионатында екінші орын алды. Кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін 2004 жылы қазанның 24-інде Черниговта Сүлеймен Жериловпен, ал ең соңғы кездесуін 2009 жылы қарашаның 21-і күні Киевте Томас Адамекпен өткізді. Ол Бейбіт Шүменов биыл АҚШ-та чемпиондық атақты тартып алған Габриель Кампильомен 2007 жылы қыркүйектің 13-і күні Киевте кездесіп 6-шы раундта нокаутпен жеңген болатын.