«Бұл жарыс «Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамы бірлестігінің қазақстандық қоғамының құрылғанына 85 жыл толуына арналып отыр. Оған Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдерінен 80 былғары қолғап шебері қатысуда. Бес күнге созылатын бұл байрақты бәсеке — 49, 52, 56, 60, 64, 69, 75, 81, 91 және 91 киләдан жоғары салмақта өтіп жатыр», дейді «Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамы Орталық кеңесі басқарма төрағасының орынбасары Әсет Асланов. Оған ұлттық және АИБА-ның халықаралық дәрежедегі төрешісі Рақымжан Сыдықов бастаған қазылар алқасы төрелік жасайды. Онда алғашқы күні 10 жұп өнер көрсетпек. Рингке бірінші боп 56 килә салмақта Е. Нұрышев пен Б. Омаров, 60 киләда Р. Рустамов пен А. Мамашев. шығады деп жоспарлануда.
Рақымжан Сыдықовтың сөзіне қарағанда, бұл сайысқа Қырғызстан мен Тәжікстан жас боксшыларын қатыстыруда. Онда ел намысын қорғайтын спортшылардың арасында ұлттық құраманың 12 мүшесі енген. Олардың қатарында Ербол Жаңабергенов, Руслан Мырсатаев сияқты танымал боксшылар бар.